USD
USD
USD

Анталия әуежайына қонған Ресейдің жолаушылар ұшағынан өрт шықты

Жолаушылар мінген ұшақ Анталия әуежайына қонған кезде өртеніп кетті.

ұшақ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Бортта 91 адам болған, зардап шеккендер жоқ, олар дер кезінде эвакуацияланып, өрт сөндірілді. Росавиация өрттің себебін анықтауға кірісті. Ұшақ «Азимут» әуе компаниясына тиесілі. 

Алдын ала болжам бойынша, өрт Sukhoi Superjet 100-95LR ұшағының қозғалтқышынан шыққан.

Бортта 87 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған, олар дереу эвакуацияланды, деп хабарлады Анталия әуежайының азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Суат Сейитоглу.

Төтенше жағдай салдарынан әуежайда ұшақ қонған ұшу-қону жолағы жабылды. Басқа ұшақтардың қонуы тоқтатылып, бірқатар рейстер кейінге шегерілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер