USD
USD
USD

Әншіге оқ атқан кім?

Танымал ресейлік әнші Александр Серовтың аяғына оқ тиді. Бұл туралы ол StarHit басылымына берген сұхбатында айтты.

Әншіге оқ атқан кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 2019 жылдың аяғында Мәскеудегі дәмханалардың бірінде болған. Отырыстың соңы төбелеске ұласып, ер адам әншінің аяғына травматикалық тапаншадан оқ атқан.

«Мәселені еркекше сөйлесіп, шешу үшін далаға шықтық. Алайда сөйлесе алған жоқпыз. Далаға шыққандардың бірінде тапанша болып, ол аяғыма оқ атып жіберді», – деді Александр Серов. Ресей халық әртісінің айтуынша, күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Серов бұл оқиға бойынша полицияға арызданбапты. Дәрігерлер оның аяғынан оқты алған. Қазір әншінің денсаулығы бірқалыпты. «Шынымды айтсам, қазір аяғымды ақсап басып жүрмін. Жарақатым жазылып келе жатқан сияқты», – деді Ресей халық әртісі. Сондай-ақ, ол қазір дәрігерлердің бақылауында екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.