USD
USD
USD

Аңшы үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Қызылорда облысында жоғалған аңшы үш күннен бері табылмай жатыр. Мәлім болғандай, 27 қазан күні Арал ауданына қарасты Қаратерең елді мекенінде үш адамнан тұратын аңшылар тобы құс атуға шыққан.

Аңшы үш күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Біршама уақыттан кейін олардың біреуі жоғалып кеткен. Достары оны өз бетінше іздеуге тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Келесі күні де ер адамды табу мүмкін болмаған. «Бүгін тиісті орындар тарапынан жоғалып кеткен аңшыны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласында тұратын 1974 жылғы азаматты іздеу «Көкарал» плотинасынан басталды. Бұл шараға Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника, жергілікті полициядан 8 қызметкер 2 техника және аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Қазір плотина аумағынан 30 шақырым жерде іздеу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар көл маңайындағы батпақты жерлерді назарға алып отыр. Әзірге нәтиже берген жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

бетін тұмшалау

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Мұхтар Шаханов

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Сарбаздар, Қазақстан әскері

Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді

блогерлер