USD
USD
USD

Әнші Саят Медеуов жансақтау бөлімінде жатыр

Әнші Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат тарады.

Әнші Саят Медеуов жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желіде жазған. 

"Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!", - деп жазды Ербол Спаналиев. 

Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та өзінің желідегі парақшасына әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды.

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Саят Медеуов Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастыратын концертке қатысуы керек болған. Мерекелік кеш 4 наурызда сағат 19:00-де оркестрдің концерт залында өтеді деп жоспарланған.  

Қазір оқып жатыр

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

порногарфия

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ