USD
USD
USD

Әнші МакSим жасанды комаға түсті

МакSим лақап атымен танымал ресейлік әнші Марина Абросимова жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, жасанды комаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әнші МакSим жасанды комаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Агенттікке сұхбат берген МакSимнің өкілі әншінің өкпесі қатты қабынып кеткенін және сатурациясы төмен пневмония диагнозы қойылғанын айтты. «Шамасы коронавирус, бірақ тест нәтижесі теріс. Яғни, қан оттегімен өте төмен қанығып жатыр. Ол оттегіге жауап қайтармайды, өкпесі тазармаған, сондықтан дәрігер оны комаға жатқызуды ұйғарды», – деді әншінің өкілі. Ол МакSимнің комада бірнеше күн жататынын айтты.

«Дәрігер жақсы болжамдар айтып отыр, яғни бұл оттегіге ашығудың алдын алу үшін жасалды, сондықтан қазір барлық күш өкпесін тазартуға жұмсалып жатыр, осылайша ол біртіндеп комадан шығарылып, ем қандай нәтиже беретінін көреміз», - деді ол. Ресейлік әнші МакSим өкпесінің 40 пайызы қабынып, ауруханаға түскені хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт