USD
USD
USD

 Әнші Әміре ресейлік «Голос» жобасында өнер көрсетті

 «Әміре» лақап атымен танылған қазақстандық әнші Ернар Садырбаев ресейлік «Голос» жобасына қатысып, келесі кезеңге өтті.

 Әнші Әміре ресейлік «Голос» жобасында өнер көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әміре көрмей тыңдау кезеңінде Стиви Уандердің «Part-Time Lover» әнін шырқады. Оның өнеріне төрт бірдей төреші де бұрылды. Айта кетейік, қазылар алқасының қатарында Дима Билан, Александр Градский, Пелагея және Леонид Агутин бар. Олар Әміренің өнерін жоғары бағалап, өздерінің топтарына шақырды.

Өз кезегінде қазақстандық әнші Дима Биланмен жұмыс істегісі келетінін жеткізіп, қалған төрешілерге бұрылғаны үшін алғысын білдірді. Бұған дейін қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Әділхан Макин де ресейлік «Голос» байқауында келесі кезеңге өткен болатын. Ол Александр Градскийдің тобына қосылды. 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы