USD
USD
USD

Әнші Әли Оқапов «Құрмет» орденіне қатысты мәлімдеме жасады (видео)

Әнші Әли Оқапов «Құрмет» орденімен марапатталған кейін халықтың сынына іліккен болатын. 

Әнші Әли Оқапов «Құрмет» орденіне қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әнші осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желі парақшасында видео жариялады.

«Қымбатты достар, соңғы жағдайға байланысты пікір білдіргім келіп отыр. Шынымды айтсам, дәл осылай ел талқысына түсемін деп ойламадым. Сондықтан осы сәтті пайдаланып, осы күнге дейін алған барлық музыкалық жүлделерімнен бас тартамын. Тіпті, мұны көптен бері ойлап жүрген едім. Өйткені менің ұлыма балалар бөлмесі қажет. Ал статуэткалар орын алады.

Мемлекеттік марапат – салмақты жүлде. Мен жүлдені қайтару жөнінде Ата Заңды да оқыдым. Бірақ өзіме қажетті нормативтік құжатты таппадым. Демек осы күнге дейін ешкім мемлекеттік марапаттан бас тартпаған. Мен ештеңені алдын-ала білмедім. Ұйымдастырушылар түнде ғана хабарласып, таңертең марапаттау рәсіміне келіңіз деді. Өзімді не күтіп тұрғанын да түсінбедім. Сондықтан ешкімнің алдында кешірім сұрағым келмейді. Сыйлықтан бас тарту – өзімнің шешімім. Ешкім мені мәжбүрлеген жоқ. Осы күні мені қолдаған барлық тыңдарманыма алғысым шексіз. Мен бақытты адаммын. Отбасым жанымда, сүйікті ісіммен айналыса беремін», – дейді әнші видеода. 

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.