Референдум Референдум
18 Ақпан 15:59
...

Әнші Ерболат Құдайберген 15 тәулікке медициналық мекемеге жатқызылды

Ерболат Құдайберген
Фото: sazalem.kz

Әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергеннің наркологиялық орталықтың жанында түсірілген видеосы тараған болатын. 

Референдум

Алматы, NEGE. Алматы қаласының  полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, әншінің үстінен көршісінен шағым түскен.

Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел түрде барған. Ақпарат расталып, азамат өзін-өзі басқара алмайтын күйде болып, айналасындағыларға агрессия танытып, тұрғындардың тыныштығына қауіп төндірген.

«Аталған азамат медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді. Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге мамандардың бақылауына орналастырылды», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығын бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу деректері бойынша шаралар қабылданды.

Полицияның хабарлауынша, ол бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Референдум