Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметі бойынша елімізде 9467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр.

«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Айтуынша, келесі жылы іске қосылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті жұптар қатыса алады. Еліміздегі емнің тиімділігі дүниеге келген бала санымен бағалайтын болсақ, ол 30 проценттік деңгейде.

«Осы бағдарлама аясында жылына бір рет ЭКО жасай алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн 800 мың теңге қарастырған. Президенттің тапсырмасына сәйкес квотаны 7 мыңға жеткізу керек», - деді.

Айтуынша, елімізде ЭКО-ның көмегімен 22 мыңнан астам сәби дүниеге келген.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.