USD
USD
USD

«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 5 мыңнан астам бала дүниеге келді

Мемлекет басшысы 2021 жылы бастамашылық еткен «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 8 мың әйел жүкті болып, 5000-нан астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 5 мыңнан астам бала дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты шеңберінде жыл сайын 7000 бағдарламаны орындауды жалғастырамыз. 21 000 бағдарламаны өткізу арқылы біз одан да көп балалардың дүниеге келуіне үміттене аламыз деп күтуге болады. Бұл өте жоғары көрсеткіш! Бұл мыңдаған бедеу отбасылар осы бағдарламаға қатысып, ата-ана болуға мүмкіндік алатынын білдіреді», – деп атап өтті «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазір және болашақ» тақырыбында өткен Қазақстан репродуктивтік медицина қауымдастығының (ҚРМҚ) XV халықаралық конгресінде ҚР ДСМ бас штаттан тыс репродуктологы, Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Оның айтуынша, бұл жекелендірілген тәсіл. Әйелді ЭКҰ-ға апармас бұрын, бағдарлама мен жүктіліктің өзі оның денсаулығына зиян тигізбейтініне сенімді болу керек. Бұл бүгінде басты назарда.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар