USD
USD
USD

«Аңсаған сәби» бағдарламасы жалғасады

Қазақстанда әрбір алтыншы ерлі-зайыпты бедеуліктен зардап шегеді. Сонымен қатар, статистика да жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Алматыда Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының XV халықаралық конгресінде репродуктолог Вячеслав Локшин айтты, деп хабарлады Kazinform.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы жалғасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елімізде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Оған экологияның нашарлығы, әйел мен еркек денсаулығының төмендігі себеп. Сондықтан да қазір экстракорпоралды ұрықтану (ЭКО) әдісіне сүйенетіндердің саны артып келеді. 2021 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен елімізде үш жылға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданып, мемлекеттік квотаның саны жетіс есеге ұлғайтылған болатын», - деді ол.

Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин үш жылдық бағдарламаның нәтижесімен бөлісті:

«2021 – 2023 жылдар аралығында 21 000 отбасына экстракорпоралды ұрықтану әдісі қолданылып, 10 000 астам бала дүниеге келді. Бұл үлкен көрсеткіш. Енді «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылатын болды. Біз жыл сайын міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен 7000 жасанды ұрықтануды жасауды әрі қарай жалғастырамыз. Яғни, алдағы жеті жылда 49 000 бедеулікке шалдыққан отбасы аталған бағдарламаға қатысып, ата-ана атануына мүмкіндік бар»,- деді репродуктолог.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар