USD
USD
USD

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. ЭКО жасатуға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында қазан айының 15-і күні алғашқы нәрестенің кіндігі кесілді. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметінше, елімізде ЭКО арқасында дүниеге келген балалардың саны 25 мыңға жетті. Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұратын Дана репродуктивті медицина институтына жүгінген кезде 9 жылдан бері бала көтере алмай жүргенін айтқан.

Ол «Жас-Ай» медицина орталығында аға медбике болып жұмыс істейді. Ал күйеуі Қуандықтың мамандығы - электрик. Олар материалдық жағдайға байланысты ЭКО жасата алмай келген», - дейді ол. Ерлі-зайыптыларға жүктілікті «Аңсаған сәби» бағдарламасының квотасы бойынша ЭКО әдісімен жоспарлау ұсынылды. Осылайша, әйел адам дәрігер Аяулым Косетованың қарауында болған. Алғашқы ЭКО-дан кейін-ақ Дана жүкті болып, қазан айының ортасында босанды. №3 қалалық перзентханада салмағы 3156 келі, бойы 52 сантиметр Арман есімді дені сау ұл жарық дүние есігін ашты.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.