USD
USD
USD

«Аңсаған сәби»: 42 жастан асқандарға квота бермейді

Өткен жылы Президент Үкіметке мемлекет қаржыландыратын ЭКҰ санын 7 мыңға дейін жеткізуді жүктеді. Бұл квота алу мақсатында кезекте тұрған қазақстандықтар санын елеулі түрде қысқарту үшін керек.

«Аңсаған сәби»: 42 жастан асқандарға квота бермейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігі президенттік тапсырманы іске асыру аясында биыл «Аңсаған сәби» атты арнайы бағдарламаны қолға алды. Алайда бағдарлама тіпті сақтандырылғандардың бәріне бірдей қолжетімді болмай шықты. Комиссия 42 жастан асқандарға квота бермейді. Себебі ДСМ №272 бұйрық қабылдаған екен, оған сәйкес, 18-42 жас аралығында шектеу қойып тастапты.  

Дегенмен, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ДСМ-ның Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің қорытындысына сілтеме жасап, «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» өзінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығына ондай өзгеріс енгізілмейтінін білдірді.

Бұйрыққа сәйкес, МӘМС арқылы жасанды ұрықтандыру рәсімін өткізуге іріктеу критерийінің бірі – пациенттің жасы: ол 18-42 жас (қоса алғанда) аралығында болуға тиіс. Сондай-ақ қалыпты соматикалық, эндокриндік мәртебесі, қанағаттанарлық овариалдық резерві болуы қажет. Жалпы, 2020 жылғы жаңа Денсаулық кодексінің 12-бабына сай, тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, соның ішінде МӘМС аясында ЭКҰ квотасын тарату жергілікті әкімдіктердің құзырына кіреді. Сондықтан әйелдер бұл мәселемен жергілікті әкімдіктің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссиясына жүгінгені жөн, – деді министрлік.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер