USD
USD
USD

Аңсаған Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аңсаған Балтабеков
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл қызметті бұған дейін атқарған Еркін Советбекұлы Ботақанов Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Аңсаған Балтабеков Қазақ мемлекеттік заң университетін "заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

2002-2017 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2017-2019 жылдары Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен.

2019-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында түрлі басшылық лауазымдарда қызметте болды.

2009 жылы Президент Күзет қызметінің офицері болған.

2022 жылдың 18 мамырынан 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған. Қаңтар айында Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылған болатын.

2023 жылдың 5 мамырында генерал-майор атағы берілген. 

Қазір оқып жатыр

Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарында шекарада бақылау күшейтілді

Шекарадағы бақылау

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу