Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилина жұптық сында рейтингіде 25-орынға көтерілді.
Жекелей сында Елена Рыбакина 12-інші, Юлия Путинцева 42-орнында қалса, Зарина Дияс 118-сатыға сырғыды.
Ерлер арасында Александр Бублик 37-ден 35-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин де 166-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 180-орнында қалса, Тимофей Скатов 236-сатыға көтерілді.
Денис Евсеев 351-інші, Бейбіт Жукаев 696-орында келеді.
Жұптық сында Андрей Голубев 30-ыншы, Александр Недовесов 67-орында тұр.