USD
USD
USD

Анна Данилина АҚШ чемпионы атанды

Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Анна Данилина АҚШ чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Анна Данилина аралас жұптық сын финалында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың бірінші ракеткасы, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3. Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор