USD
USD
USD

Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда испаниялық Алена Большова - норвегиялық Ульрикке Эйкеримен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін доданың 10-ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен таласады.

Ерлер арасында жұптық сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Александр Бублик даниялық Хольгер Рунемен бірге екінші айналымда тартысты матчта франциялықтар Кентен Гали - Адриан Маннариноға есе жіберді - 3:6, 7:5, 6:7 (8:10).

Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге чемпионаттың 3-ракеткалары, сальвадорлық Марсело Аревало - нидерландылық Жан-Жюльен Ройерден ұтылып қалды - 0:6, 3:6.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі

Жоғары аудиторлық палата Шымкентті, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын тексермек

Шымкент

Ұлытау облысында апатты жағдай туғызған 8 жас жүргізуші жауапқа тартылды

әкімшілік жауаптылық