USD
USD
USD

Анна Данилина Брисбен жарысының жартылай финалынан шет қалды

Қазақстанның жұптық сайыстағы бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 22-орында тұрған Анна Данилина Аустралияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Анна Данилина
Фото: КТФ

Алматы, NEGE. Турнирдің 2-ракеткалары ретінде тіркелген Анна Данилина мен ресейлік серіктесі Ирина Хромачева ширек финалда жапондық Сюко Аояма мен Эри Ходзумимен бақ сынады. Алайда қазақстандық-ресейлік жұп матчты 0:6, 4:6 есебімен жеңіліспен аяқтады.

Бір сағат 11 минутқа созылған тартысты кездесуде Анна Данилина мен Ирина Хромачева 1 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты сәтті орындады. Ал жапондық дуэт 9 брейк-пойнттың алтауын  мүлт жібермеді.

Сюко Аояма мен Эри Ходзуми финалға жолдама алу үшін ресейлік жұп Мирра Андреева мен Диана Шнайдермен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына өткенін хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев