USD
USD
USD

Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СМІК) отырысына қатысты. СІМК Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше және бақылаушы мемлекеттер басшылары қатысатын «Төтенше жағдайлар жөніндегі менеджмент және гуманитарлық көмек» тақырыбындағы ТМҰ кезектен тыс Саммиті қарсаңында өтті.

Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл Саммит 2023 жылдың ақпанында Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқын қолдау мақсатында шақырылды. Осыған байланысты төтенше жағдайларда ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының жедел өзара іс-қимылы және жаңа табиғи апаттарға тез ден қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қ. Омаров өз сөзінде ТМҮ-ға мүше мемлекеттердің тиісті органдары арасында азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім жасасудың маңыздылығын қолдады, бұл табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың көбеюі аясында ерекше өзекті болып отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қарашадағы Самарқандта өткен ТМҰ саммитінде ұсынған бастамасына сәйкес, қазақстандық делегация басшысы ұйымның тиімділігін арттыру мақсатында ТМҰ жанындағы тараптардың Тұрақты өкілдері институтын тезірек құру қажеттігін айтты.

Іс-шара барысында ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібіне байланысты мәселелер, сондай-ақ Саммит шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобалары талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі