USD
USD
USD

Әңгіме хиджаб туралы емес: Білім және ғылым министрлігі мәлімдеме жасады

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасына қатысты пікір білдірді.

Әңгіме хиджаб туралы емес: Білім және ғылым министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Қазақстан – ол зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекемелер болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктен іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ", – деді Гүлмира Каримова. 

Комитет төрағасының сөзінше, қазір түрлі ұсыныстар түскен. Соның ішінде оларды отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар екен.

"Ең бастысы, барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр. Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бұл эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес, қоғамда әртүрлі пікірлер бар екені рас. Ең алдымен балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алуымыз керек", – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев 1 шілдеде өкілеттігін тоқтататын Парламентті «ең мықты құрамдардың бірі» деп атады

Президент

ШҚО-да алтынды заңсыз өндірді деген күдікпен 63 адам ұсталды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстанда пластикалық ота жасайтын клиникалар жаппай тексерілмек

тексеру

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев