Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ангела Меркель де биліктен кетті

Ангела Меркельге Германия канцлері ретінде өкілеттілігі аяқталғаны туралы ресми хабарлама табысталды.

Ангела Меркель де биліктен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырып, оған, Үкіметке алғыс айтты. Штайнмайер Меркель канцлер болған уақытты «Германия тарихындағы ұлы күндер» деп атады.

Енді Меркель және Германия үкіметінің қалған мүшелері жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарушы ретінде өз қызметтерін орындайды. 

Германия Конституциясының 69-бабына сәйкес президент канцлерден немесе министрден келесі адам тағайындалғанға дейін қызметін жалғастыруды талап ете алады. Канцлер де, министр де бұдан бас тарта алмайды.

Жаңа канцлер Социал-демократиялық партияның жетекшісі Олаф Шольц болады деп болжанып отыр, оның партиясы 25,7 пайыз дауыс жинап, 26 қыркүйекте өткен бундестаг сайлауында жеңіске жеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев