USD
USD
USD

Анджелина Джоли НЕГЕ ара үйірімен суретке түсті?

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли ара үйірімен суретке түсті, бұл арқылы олардың жоғалу мәселесіне назар аудартпақ болған, - деп хабарлайды Daily Mail.

Анджелина Джоли НЕГЕ ара үйірімен суретке түсті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Актриса National Geographic журналында денесіне ара үйірін қондырып, суретке түсті. Түсірілім Дүниежүзілік аралар күніне орайластырылған. Анджелина бұл әрекетімен аралар мәселесін көтерген, өйткені БҰҰ-ның мәліметінше, бүкіл дүние жүзінде аралардың жойылып кету қаупі бар. Суретті омарташы фотограф Дэн Уинтерс түсірген.

Ұйымдастырушының айтуынша, фотосессия сәтті өтті, аралар ешкімді шақпаған. Актрисаның денесіне арнайы феромондар жағылды, бұл аралардың дұрыс бағытта қозғалуына көмектескен.

«Алаңда Анжелинадан басқасының бәрі қорғаныш костюмін киді. Алаң өте тыныш және қараңғы болды, сондықтан аралар ештеңеге алаңдамады. Үстіне аралар қонған Анжелина 18 минут бойы мүлдем қозғалмай тұрды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кейінгі онжылдықта ара популяциясы айтарлықтай азайып барады. Салдарынан адамзатқа аштық қаупі төнуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер