Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға алаңдап отыр

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға назар аударту үшін Instagram-да парақша ашты, деп хабарлайды  CNN.

Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға алаңдап отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Джоли жұма күні ашқан парақшасында аты-жөні мен мекенжайы бүркеменлеген ауған қызының хатын жария етті. Қыз хатында тәліптердің билігі кезінде өзінің өміріне алаңдайтынын және қорқатындығын жазады.

«Тәліптер басып алғанға дейін құқығымыз болды. Құқымызы еркін қорғай да алатын едік. Олар келгеннен кейін барлығымыз да қорқып отырмыз әрі бүкіл арманымыздың күлі көкке ұшады деп ойлаймыз», - дейді ауған қызы хатында.

Біріккен Ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі изгі ниет елшісі Анджелина Джоли хат астына қалдырған пікірінде өзінің негізгі құқығымен күресіп жүрген бүкіл әлемдегі адамдардың тарихы туралы жазуды жоспарлап отырғандығын атап өтеді.

«11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен 2 апта бұрын Ауғанстан шекарасына барып, тәліптердің режимі салдарынан елден қашқан босқындармен кездескенмін. Бұл осыдан 20 жыл бұрын болған еді. Ауғандықтардың тағы да елін жайлаған белгісіздіктен қорқып, босқынға айналуын көргеннен жаның ауырады», - деп жазады Джоли.

Талибан елді басқару ісін өзгертетіндігін жария еткеніне қарамастан тұрғындардың басым көпшілігі оған сенімсіздікпен қарап отыр. Құндыз қаласы тұрғындарының бірі тәліптердің өзгеретіндігіне шәк келтіреді.

«Олар ортақ құндылықтарды ауған халқымен бөліспейді. Демократия – бұл олар үшін емес», - деді ол.

Әділет Сейілханов

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш