USD
USD
USD

Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына жолдама алды

Теннисші Андрей Голубев финалға жолдама алды. 

Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды. 

А.Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті.

Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында олар 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Америкалық-франциялық дуэт 6 эйс жасағанымен, брейкке қол жеткізе алған жоқ.

Андрей Голубев пен Денис Молчановтың соңғы бәсекедегі қарсыластары кейін анықталады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors