USD
USD
USD

Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Анастасия Городко
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Жапониялық Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды тағы бір жапондық спортшы Мисе Курэа (66.63) иеленді.

Ал Юлия Феклистова – 13-орынды иеленсе, Анастасия Ларионова – 17-орын, Виктория Кузнецова – 18-орын, Юлия Мокина – 22-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар, 2024 жылғы әлем чемпионатында Городко могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген еді.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.