USD
USD
USD

Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Анастасия Городко
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Ол параллельді могулда үздік атанды. Ақтық сында Городко америкалық Риз Чапделайнді жеңді.

Қола жүлдеге Эбби Макларнон (АҚШ) ие болды.

Бұған қоса, бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде иеленді: параллельді могулда жеңіске жетіп, жекелей есепте және аралас командалық сында екінші орын алды. Сондай-ақ, 2024 жылғы әлем чемпионатында ол могул бойынша бірінші, ал параллельді могулда екінші орын алған еді.

Қазір оқып жатыр

Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы ҰҚК басшысының кетуіне әсер етті ме?

Ермек Сағымбаев

Дүниежүзілік банк Қазақстанға «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен тоқтатуды ұсынды

Тұрғын үй

Қамауда 119 бала отыр: министр олардың оқу мәселесін қалай шешпек?

сотталған

Қазақстанда балаларға кешкі мектептерде оқуға тыйым салынуы мүмкін

мектеп БҚО