USD
USD
USD

Анасының 1 млн теңгелік құндыз тонын арақ үшін сатпақ болған

 Елордада учаскелік инспектор егде әйелге ұрланған тонын қайтарып берді.

Анасының 1 млн теңгелік құндыз тонын арақ үшін сатпақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қымбат тонды әйелден туған ұлы ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, ішімдікке әуес 44 жастағы азамат араққа ақша табу үшін осындай әрекетке барған. «Артем» сауда үйінің маңайында өтіп бара жатқан адамдарға мас күйде тонды сатып жібермек болған. Құны 1 миллион теңгелік тонды бар-жоғы 30 мың теңгеге сатпақ болғаны көрінеді. «Дәл осы уақытта қолына тон ұстаған ер адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, істің мән-жайын анықтау үшін оны полицияға жеткізген. Ұсталған азаматтың анасына хабарлаған», – деп хабарлайды министрліктен. Тәркіленген тонды полиция қызметкері жігіттің бауырына тапсырды. Жігіттің бауыры полиция қызметкерлеріне қырағылы үшін алғыс айтты.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті