USD
USD
USD

Анасына пышақ сілтеп, қашып кеткен күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Күдікті
Фото: Видеодан кадр/Бас прокуратура

Астана, NEGE. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, күдікті өткен жылдың қараша айында масаң күйде анасымен жанжалдасып, оған пышақпен бірнеше рет ауыр жарақат салған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жазадан жалтару үшін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуымен елге экстрадицияланды», – делінген қадағалаушы орган хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу