USD
USD
USD

Анасын өлтірген жасөспірімге қандай жаза берілді?

Кәмелет жасқа толмаған алматылыққа анасын өлтіргені үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Анасын өлтірген жасөспірімге қандай жаза берілді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 қаңтарда 15 жасар жасөспірім үйінде қысқатолқынды пешті пайдаланып қағаздарды өртеп жіберген. Өртті байқаған ана оған ескерту айтып, отты сөндіреді. Сол сәтте жасөспірім асхана пышағын алып, оның мойны мен кеудесіне бірнеше рет сұғып алған. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы жасөспірім қылмыс жасау кезеңінде психикалық бұзылуларға байланысты (параноидты шизофрения) өзінің әрекетінің қауіптілігін сезіне алмайтынын анықтады.
«Кәмелетке толмаған жігіт сот үкімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды (психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емделу»,- деді Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы