USD
USD
USD

Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік ер адам 10 тәулікке қамалды

Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ер адам танысының ақшасын онлайн казиноға салып жіберген
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 15-26 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, мас күйінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған адамдарды тексеру мақсатында "Тұрмыс" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Профилактикалық іс-шараларды оңтайландыру мақсатында Ақтөбе полицейлері тұрмыстық құқық бұзушылықтарды өтініш берушінің арызы бойынша ғана емес, өздері анықтап тіркеу бағытында жұмыс істеуде. Жәбірленушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгеннен кейін агрессорларға арыз жазудан бас тартады.

Мысалы, 15 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы есепте тұрған адамдарды тексеру кезінде 52 жастағы ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасқанын анықтаған.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. Материал сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша жанжал шығарушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Іс-шараның бірінші күні учаскелік полиция инспекторлары 82 қорғау нұсқамасын шығарды, сот шешімдерімен құқық бұзушылардың мінез-құлқына 29 ерекше талап қойды, оның ішінде 27 құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым салынды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 20 адам, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар полиция бөлімдеріне 11 қолайсыз отбасы есепке алынды. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ата-ана құқықтарынан айыру туралы мәселемен 3 материал жіберілді, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуден және оқытудан жалтарғаны үшін 6 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Ұшақ

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Стоматолог

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Математика олимпиадасы

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

суррогат ана