USD
USD
USD

Анарбеков – Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сейвтер саны бойынша үздік үштікке кірді.

instagram/f.c.kairat
Фото: instagram/f.c.kairat

Астана, NEGE. Үшінші орынды Темірлан Анарбеков «Олимпик Марсель» клубының қақпашысы Херонимо Рульимен бөліскен.

Көш басында норвегиялық «Будё-Глимт» клубының қақпашысы Никита Хайкин тұрса, одан кейінгі орынды 41 сейвпен мадридтік «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа иеленген. 

22 жастағы Темірлан Анарбеков УЕФА-ның ресми рейтингіне Чемпиондар лигасының алты матчында 36 сейв жасап, рейтингке енді. Жарақатына байланысты «Реал Мадрид» пен «Спортингке» қарсы өткен екі матчқа қатыса алмаған еді.

Сондай-ақ УЕФА Анарбековті ең мықты 20 ойыншының қатарына қосты.

Бұған қоса «Қайрат» қақпашысы Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақстандық футболшы ретінде танылды. Ол «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойында  шеберлігін паш етіп, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Қазір оқып жатыр

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі