USD
USD
USD

Анарбеков – Чемпиондар лигасында үздік ойыншы атанған алғашқы қазақстандық

«Қайраттың» жас қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақстандық футболшы болды.

Qazaqstan.tv
Фото: Qazaqstan.tv

Астана, NEGE. 9 желтоқсанда елорданың «Астана Арена» стадионында өткен ойында алматылық «Қайрат» грекиялық «Олимпиакос» командасынан 0:1 есебімен жеңілді.

Кездесудегі жалғыз голды Желсон Мартинш соқты. Қақпашы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққының бетін қайтарғанымен, 73 минутта қарсылас соққан допқа тосқауыл бола алмады.

Соған қарамастан, Анарбеков ойын барысында жоғары шеберлік көрсетіп, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, «Қайрат» сапындағы 17 жастағы Дастан Сәтпаев сары қағаздардың көптігіне байланысты бұл кездесуде алаңға шыққан жоқ. 

Алматылық клубты алда тағы екі матч күтіп тұр. 2026 жылдың 20 қаңтарында Астанада бельгиялық «Брюгге» командасын қабылдайды. Ал 28 қаңтарда Лондонның «Арсенал» клубына қарсы сырт алаңда ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі