USD
USD
USD

Анар Мақашева утиль алымға қатысты пікір білдірді

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева кәдеге жарату алымы мөлшерлемесінің 50 пайызға төмендеуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Анар Мақашева утиль алымға қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қауымдастық құрамына ресми өндірушілермен қатар көлік құралын импорттаушылар да кіреді. Өндірушілер үшін ахуал еш өзгермейді. Өйткені, көлік құрамының құнына кәдеге жарату алымы қосылмаған. Өндірушілеріміз де заңнамаға сай кәдеге жарату алымын төлеуге келіседі. Олар да алым төлеушілер саналады. Одан кейін утиль алымы қаражатын жинаумен айналысатын оператор дәл сол соманы соңғы тұтынушыға утильалым төлемі қосылмауы үшін қайтарып береді», – деп атап өтеді қауымдастық өкілі.

Сонымен қатар, Анар Мақашева утиль алымынан түскен қаражаттың жеңілдікпен, жылдық 4 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру бағдарламасына жұмсалатындығына тоқталып, мұның орынды шешім екенін атап өтті.

«Өйткені, Қазақстан нарығындағы жаңа көлік сатып алуға қатысты орташа мөлшерлеме шамамен 17-25, тіпті кейбір компанияларда 40 пайызға дейін жетеді. Ал жылдық 4 пайыздық мөлшерлеме – жаңға көлік сатып алу үшін қолжетімді қаржылық бағдарлама. Бұл тіпті бөліп төлеуден де әлдеқайда жақсы», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат