USD
USD
USD

“Аналар кеңесі” өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас қыздар арасында «Аналар кеңесі» тақырыбында кездесу  өтті.

“Аналар кеңесі” өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі кездесудың мақсаты: жастар арасында қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосу.  Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі ету. 

Кездесуге: Еңбек ардагері Құрманбекова Шарапат Қожахметқызы қатысты.

Аталмыш шарада отбасы құндылығы, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері туралы ой қозғалып, жастардың толғандырған сұрақтарына мардымды жауаптар алынды.

Қазір оқып жатыр

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

ү

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк