Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Ресейдің әуе-ғарыштық күштерінің Ан-26 ұшағы Воронеж облысында апатқа ұшырады, экипаж толығымен қаза тапты. Бұл туралы журналистерге Батыс әскери округінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «24 ақпан күні Воронеж облысында әскери мүлікті тасымалдау кезінде Ресейдің Әуе-ғарыш күштерінің Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж қаза тапты. Жерде еш ғимаратқа зақым келмеді. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, техника істен шыққан», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Округ ақпаратына сай, апат салдарын жою мен оның себебін анықтау мақсатында Әуе-ғарыш күштерінің комиссиясы оқиға орнына жөнелтілді. Ан-26 – кеңестік, кейінірек Ресейлік көп мақсатты ұшақ. Ол ОКБ-153 тәжірибелік-конструкторлық бюросында (кейін – О.К. Антонов атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы) 1960 жылдары жасалған. Жаңа нұсқасының алдыңғыға қарағанда жүк салатын люгі үлкен, ұшу массасы ауыр, сонымен қатар иллюминаторлары бар.

Ұшақ бірінші рет 1969 жылы 21 мамырда ұшырылған. Экипажды сынаушы ұшқыш Юрий Кетов басқарған. 1975 жылы 26 мамырда КСРО Әскери-әуе күштеріне қабылданды. Ұшақ 1969-1986 жылдары Киев пен Улан-Удэ қалаларындағы авиациялық зауыттарда өндіріліп отырған. Барлығы 1 398 ұшақ құрастырылып, қазіргі кезде жүздеген ұшақ қолданыста. Ондаған жетілдірілген түрлері бар.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел