USD
USD
USD

Амстердамға барсаңыз салық төлейсіз

Туристер Амстердамда қонуы үшін бір түнге 3 доллар төлеуі тиіс. Жаңа салық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. 

Амстердамға барсаңыз салық төлейсіз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жаңа жылды Амстердамда қарсы алған туристер бұл әрекетіне өкінген болуы мүмкін. Себебі олар қалада қалуы үшін бір түнге 3 доллар салық төлеуі тиіс», – деп жазады The Telegraph.

Басылымның хабарлауынша, жаңа салық қонақ үйдегі бөлме бағасының 7 пайызын қамтитын төлемді толықтырып тұр. Ал Airbnb арқылы бөлме жалға алған туристер түніне бұдан да көп ақша төлейді, нақтырақ айтскақ, бөлме бағасының он пайызын бюджетке қалдырады.

1,1 млн тұрғыны бар Амстердам қаласына жылына 17 млн турист келеді. Қала тұрғындары шу мен басқа да келеңсіздіктерге шағымданған соң, билік осындай стратегия қабылдап отыр. Қала әкімшілігі туристік салық қаладағы туристер ағынын реттеуге көмегін тигізеді деп тұжырымдайды.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң