USD
USD
USD

Әмір Омарханов Астанадағы челленджер турнирін жеңіспен бастады

Әмір Омарханов Президент кубогі үшін Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирін жеңіспен бастады.

Әмір Омарханов
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Биыл "Мадрид мастерс" турнирінің іріктеу сайысында бақ сынаған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов үшін бұл өзінің спорттық жолындағы алғашқы челленджер жарысы еді.

Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік Максим Жуков 19 жаста болатын.

Бірінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Омарханов брейк жасай білді. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық жас теннисші 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, ол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ойынды эйспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша, ересектер арасында ATP жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Омарханов Президент кубогінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 533-ракеткасы, Саба Пурцеладземен таласады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова