USD
USD
USD

А.Молдақасымова: маған тағылған айып негізсіз

Алматының бас санитары жұмысына қайта оралды. Ол коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 күн карантинде болған еді. 

А.Молдақасымова: маған тағылған айып негізсіз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Департамент басшысы Германиядан оралған транзиттік рейсте коронавирус жұқпасы табылған адаммен бірге келгендіктен 14 күн карантинде жатқан болатын. Кейін Алматы қоғамдық кеңесі Айзат Молдақасымоваға дер кезінде оқшауланбай, жұмыс бабымен көп адаммен араласып, адамдардың денсаулығын қатерге тікті деген айып таққан еді. Брифинг барысында журналистер оған осы сауалды қойған.

«Мен өзіме қатысты айыптауларды негізсіз деп санаймын. Мен 14 күн карантинде болдым. Осы уақыт аралығында 2 рет тест тапсырдым. Нәтижесі менде вирус жоқтығын көрсетті. Біріншіден, мен Германияда болған жоқпын. Мен тек 1,5 сағат транзиттік зонада болдым. 10 наурызда Германия 2-ші санатқа жататын. Сол себепті Германиядан келген адамдар тек телефон арқылы бақылауда болды. 13 наурызда неге бірден оқшауланбады деген сұрақ болды. Мен өзім түскі 15.00-де инфекция жұқтырған жолаушымен бірге келгенімді білдім. Естіген уақытта бірден стационарға оқшауланып, тест тапсырдым. Барлығы инфекция жоқтығын көрсетті. Қазір денсаулығым жақсы»,- деді Айзат Молдақасымова.

Қазір оқып жатыр

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді