USD
USD
USD

«Амнистия – кінәсіз деген сөз емес»: Айтбек Амангелді Байжановтың түрмеден шығуы туралы не деді

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді. 

Айтбек Амангелді
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Айтбек Амангелді сот тағайындаған жазаның кейін амнистия арқылы қысқартылғанын қабылдау өзіне қиын екенін айтты.

«Адвокаттар бұл мәселені кеше зерттеді. Амнистия болғандықтан, біз ештеңе істей алмаймыз. Жаңа Конституцияның арқасында оған екі рет амнистия қолданылған болып тұр. Бізді сот отырысына шақырмады және бұл туралы алдын ала хабарламады. Амнистия мәселесі жәбірленуші тараптың қатысуынсыз қаралады», – деді Айтбек Амангелді.

Ол амнистия сотталған адамды кінәсіз деп тануды білдірмейтінін атап өтті. 

«Амнистия дегеніміз – кінәсіздік емес. Ол үкімді жоймайды және адамды кінәсіз деп танымайды. Байжанов пробациялық бақылауда болады», – деді марқұмның бауыры.

Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы – «Қылмысты жасыру» бабы бойынша айыпталып, 4 жылға сотталған еді. Артынша сот Байжановқа амнистия қолданып, оны бостандыққа шығару туралы қаулы шығарды. 

Қазір оқып жатыр

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері

Сүндет кей жағдайда АИТВ-инфекциясынан қорғайды – уролог

Бала