USD
USD
USD

Аммофос өндірісі бір миллион тоннаға дейін артады

"Қазфосфат" 10:46 маркалы аммофос өндірісін жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Аммофос өндірісі бір миллион тоннаға дейін артады
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта "Қазфосфат" ЖШС өз алдына 10:46 маркалы аммофос шығаруды жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойып отыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Құжатқа сәйкес, бүгінгі таңда "Қазфосфат" - еліміздегі сары фосфор мен аммофос өндірісін жүргізетін жалғыз кәсіпорын. Еліміздің химия өнеркәсібінідегі өндіріс көрсеткішінің 30% астамы осы компанияға тиесілі.
Сондай-ақ, фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісінің көлемі 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 76892 тоннадан 393 420 тоннаға дейін өсті.
Бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің жалпы көлемінің 89 пайызы 27-ден астам елге экспортталады, олардың қатарында Еуропа, ТМД, Азия және Америка елдері бар, делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер