USD
USD
USD

Әмір Закиров Жапониядағы брейк данс турнирінде жеңіске жетті

Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды.

Әмір Закиров Жапониядағы брейк данс турнирінде жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-те жазды.

Алтын медаль үшін күресте қазақстандық биші АҚШ пен Жапониядан қатысқан қарсыластарынан озық шықты.

Жарысқа дүниежүзінің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысқан, оның 99-ы жігіт, 81-і қыз.

"Осы ретте Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канадалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizard басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сонымен бірге біздің брейкдансер былтырғы әлем чемпионатының финалисі жапониялық Shigekix-ті жеңді. Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сонымен бірге чемпионымызға қарқынын үдетпей, 2024 жылғы Олипиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін. Айта кетейін, брейксданс 2024 жылғы Олимпиадада ресми дисциплинаның бірі болады", - деді Асхат Оралов.

Қазір оқып жатыр

Путин Тоқевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру жөніндегі ұсынысына жауап берді

Путин

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы