USD
USD
USD

Әмір Закиров Парижде өткен әлем чемпионатында қола олжалады

2024 жылғы Олимпиадаға дайындық аясында Парижде брейкингтен (брейк-данс) әлем чемпионаты өтті.

Әмір Закиров Парижде өткен әлем чемпионатында қола олжалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған сынға Қазақстан атынан Дәулет Анарбекұлы, Диляра Әубәкірова, Әмір Закиров және Ирина Усманова қатысқан болатын.

Петропавл қаласының тумасы Әмір Закиров жүзден аса спортшының арасында іріктеуден іркілмей өтіп, Словакия, АҚШ, Франция өкілдерін басып озды. Жартылай финалда Әмір канадалық спортшымен жарысып, қарсыласқа жол берді. Ал қола медаль үшін өткен жарыста Бразилия өкілі Луан Санды ұтып, әлем чемпионатында үздік үштікке енді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе