Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әмір Темірден қалған үрдіс

Атақты билеуші Әмір Темір өз заманында музейге сый жасауды үрдіске айналдырған екен. Аталған игілікті істі Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейі күні бүгінге дейін жалғап келеді.

Әмір Темірден қалған үрдіс
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жуырда «Әзірет Сұлтан» қорық музейінде жыл сайын өткізілетін «Музейге сый» акциясы өтті. Аталған іс-шараға Қазақстаннан ғана емес Түркия, Өзбекстан Республикалары да атсалысып, құнды жәдігерлер табыстауды дәстүрге айналдырған. Биылдың өзінде музейге 40-қа жуық археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық жәдігер табысталды.

Олардың қатарында жаңа тас дәуіріне тән жебенің ұшы (шамамен б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар), жазба ескерткіштер мен құмыра және түрлі қыш бұйым бар. Сондай-ақ, Үкаша ата кесенесін қайта жаңартуға атсалысқан Атажан молда мен Кәміл қарының киген киімдері, жайнамаздары, қолданған тұрмыстық заттары, түркістандық қолөнер шеберлерінің тоқыма кілемдері мен сырмақтары сынды көне жәдігерлер бар.  

«Технологияның қарыштап дамыған заманында көне заттардың күнделікті тұрмысқа қажетсіз болғанымен, халқымыздың өткен өмірі мен тарихын зерттеуде, болашақ ұрпақтың өз тарихы мен болмысын тануда маңызы зор. Қырық бір жыл бұрын 300-дей ғана жәдігері бар «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде қазіргі күні 24 481 данасы мемлекеттік тіркеуге алынды. Бүгінгі шараға да өз үлесін қосуға келген барша музей жанашырларына алғысымды білдіремін», – деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы.

 

 

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov