USD
USD
USD

А.Мыңбаева облыстық білім басқармасын басқарады

Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева БҚО білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

А.Мыңбаева облыстық білім басқармасын басқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Мыңбаева 1963 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Фурманов ауданы Саралжын орта мектебі физика және математика пәнінің мұғалімі, Орал аграрлық-техникалық колледжінің І санатты оқытушысы, БҚО білім басқармасы орта жалпы білім беру бөлімінің бас маманы, мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың маусымынан бастап БҚО тілдерді дамыту басқармасына басшылық етті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов