USD
USD
USD

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстаннан әкесін іздейді

Америкалық отбасы асырап алған Элизабет Азиз Қазақстаннан туған әкесін іздейді.

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстаннан әкесін іздейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Редакцияға жүгінген Элизабет Азиздің айтуынша, туған анасын тапқан. Бірақ, ол биологиялық әкесіне қатысты жан-жақты ақпарат бермеген. Сонымен қатар ол туған анасын қалай тауып алғанын айтып берді.

«Instagram-нан аты-жөні бірдей адамнан сұраныс келгенін көріп, оған хат жаздым», - деді ол.

Енді Элизабет Азиз туған әкесіне іздеу салып отыр.

«Өздеріңіз білетіндей, анамды таптым. Енді биологиялық әкемдіі немесе оның отбасын табуға тырысып жүрмін. Менің құжаттарымда оның аты-жөні Жасұлан Тілеуов деп жазылған. Бұл оның шын аты екендігіне сенімсізбін. Оның 2003 жылы Ақтөбе қаласында тұрғанын білемін. Сол уақыттарда оның жасы шамамен 16 не 18-де болғанынан және орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге кеткенінен хабарым бар. Маған оның апат салдарынан қайтыс болғанын айтты. Шын-өтірігін білмеймін. Оның ұзын бойлы, келбеті орысқа ұқсайтындығын да айтып берді. Балалар үйінен оның татар болуы мүмкін екендігі туралы болжам айтылады. Қолымда бар ақпарат осы ғана», - деді Элизабет Азия агенттік тілшісіне. Қазіргі уақытта бойжеткен АҚШ-та тұрады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев