USD
USD
USD

Америкалық отбасы асырап алған қазақ бала туған ата-анасын іздейді

22 жастағы этникалық қазақ өзінің биологиялық ата-анасын іздеуде. Оны америкалықтар екі жасында асырап алған.

Америкалық отбасы асырап алған қазақ бала туған ата-анасын іздейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ақпарат Facebook желісінің «Kazakh American Association» тобында пайда болды. Ноа Сак Маршалл Қазақстанда дүниеге келген және оны америкалықтар екі жасында асырап алған.

«Менің есімім Ной (Сұлтан Үмітұлы Каримов). Мен 1999 жылы қарашада Алматыда дүниеге келдім және шамамен екі жарым жылдан кейін мені балалар үйінде асырап алды», – деп жазды ол. Анасының есімі белгілі, оның аты – Каримова Үміт Қалкенқызы, ал әкесі – Каримов Үміт Сәкенұлы. Ол осындай есімді әйелді Алматыдан таба алмаған. Жас жігіттің айтуынша, ол өзінің туыстары туралы көбірек білгісі келеді.

«Мен мектепте көптеген тілдерді, соның ішінде орыс тілін оқыдым. Қазақ тілін оңай үйрену үшін түрік тілін үйреніп жүрмін», –  деді Ной.

Постқа жазған пікірлерінде адамдар оның ата-анасы басқа жаққа кеткен болуы мүмкін деп жазады. Олар тіпті аты анасының есімімен сәйкес келетін, бірақ Омбыда тұратын әйел туралы деректерді тапты. Әлеуметтік желілер қолданушыларының пікірінше, ол Қазақстанның тумасы болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер