Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Америкалық мамандар коронавирусты қарасорамен емдеп көруді ұсынуда

Коронавирус жұқтырған науқас саны күн өткен сайын жаңа рекордтық көрсеткішке жетіп жатқан АҚШ-та бірқатар маман COVID-19 дертін есірткі қасиеті күшті қарасорамен емдеп көруді ұсынуда. 

Америкалық мамандар коронавирусты қарасорамен емдеп көруді ұсынуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Небраска штаты университеті мен Техастың биомедициналық зерттеулер институтының мамандары коронавирус қоздырған өкпенің қабынуын жазуға қарасораның қабынуға қарсы қасиеті көмектесуі мүмкін деп болжауда.

Коронавирустың асқынған жағдайында ағзаның иммунды жүйесі өзін қорғау үшін шамадан тыс цитокин бөле бастайды. «Цитокин дауылы» деп аталатын жағдайда дене қызуы күрт көтеріліп, ағза қабынады, адам қатты әлсіреп, жүрегі айниды, кей жағдайда адамның кейбір ағзасы істен шығып, науқас өліп кетеді.

Ал каннабис немесе қарасора IL-6 цитокиндерінің ингибиторы ретінде әрекет ететіні белгілі, яғни ол цитокин бөлінуін төмендетеді.

Оның үстіне қарасора құрамындағы каннабиноидтар қабынуды басатын қасиетке ие. Және түрлі созылмалы аурулардың қабынуын басатын өзге дәрілермен салыстырғанда ағзаға тигізер зияны аздау көрінеді.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау