USD
USD
USD

Америкалық ковбойлар қазақтармен көкпар тартады

Елорда төрінде 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында америкалық ковбойлар көкпардан сайысқа түседі.

Ат
Фото: Туризм және Спорт министрлігі

Алматы, NEGE. Бұл туралы Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаев әйгілі америкалық ковбой Кейси Филд пен көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хоуэллден құралған АҚШ делегациясымен кездесуінен кейін белгілі болды.

Кездесу барысында тараптар ат спорты түрлерін дамытуды, екі елде көкпар мен америкалық родеоны кеңінен насихаттауды, сондай-ақ биыл елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын талқылады.

Америкалық делегация 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар жарысына қатысуға дайын екенін жеткізді. Бұған дейін АҚШ-тың көкпардан ұлттық құрамасы 2018 және 2022 жылдары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан болатын.

Кездесу барысында Туризм және спорт министрі АҚШ-тан келген қонақтарды 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасын іске қосу рәсіміне қатысуға шақырды. Өз кезегінде делегация өкілдері родео спортын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрме қойылымдары бағдарламасына енгізуді ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж