Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Амазонкадағы өрт өршіп барады

Әлемдегі ең үлкен тропикалық орман Амазонкадағы алапат өрт өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Амазонкадағы өрт өршіп барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тамыздың алғашқы алты күнінде орманда 5 860 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 процентке көп. Қоршаған ортаны қорғау белсенділері орман өртінің өршуіне ел президенті Жаир Больсонаруды кінәлайды. Ол Амазонкада ауылшаруашылық және тау-кен жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіріп отыр деп айыптайды. Ал Жаир Больсонару болса, бұл қадамдар елді кедейліктен құтқарады деп сенеді.

2019 жылы ауқымды өрттерден кейін Бразилия билігі орманды жоюға қарсы ішінара шаралар қабылдаған, бірақ биыл қабылданған сол шаралары сақталмай отыр. Айта өткен жөн, Амазонка ормандары жаһандық жылынуды баяулататын маңызды көміртек қоймасы болып саналады. Егер адамзат бұл орманды жоғалтса, климаттың өзгеруі жеделдеп, бүкіл планетадағы экожүйелердің жойылуына әкеп соғады. 

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау