USD
USD
USD

«Amazon» интернет дүкеніне 746 млн еуро айыппұл салынды

 Еуропалық құпиялылықты бақылау қызметі алпауыт интернет дүкенде жеке деректерді өңдеу ЕО-ның Деректерді қорғаудың жалпы ережелеріне сәйкес келмейтінін анықтады. 

«Amazon» интернет дүкеніне 746 млн еуро айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Euronews хабарлады. Айыппұлды екі апта бұрын «Amazon»-ның еуропалық штаб-пәтері орналасқан Люксембург ұлттық деректерді қорғау комиссиясы салған. Компания айыптауды жоққа шығарады және шағымданатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Еуропадағы деректерді қорғауды қадағалау органдары компанияға олардың жылдық жаһандық сатылымының 4%-ына дейін айыппұл салуға құқылы. Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында француз информатика және азаматтық бостандықтар комиссиясы «Amazon»-ға пайдаланушылардың жеке ақпараты қамтылған cookie файлдарын олардың келісімінсіз пайдаланғаны үшін айыппұл салған еді. Компанияға 35 миллион еуро айыппұл салынған болатын.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус